17 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында Microsoft Corporation US5949181045 (MSFT_KZ) жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады

11.05.22 15:20
/KASE, 11.05.22/– Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 06 сәуірден бастап Microsoft Corporation (АҚШ) US5949181045 ("KASE Global" секторы, MSFT_KZ) жай акцияларының KASE сауда-саттықтары уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды. Бұл ретте, 2022 жылдың 12 мамырынан бастап көрсетілген акциялардың KASE сауда-саттығы есеп айырысу күні 2022 жылдың 19 мамырнда және одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде тоқтатыла тұрады. KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сауда-саттық 2022 жылдың 26 сәуірінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтерді төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады. [2022-05-11]