05 мамыр күні Қазақстан есептесуі 11 мамырда болатын МЕУКАМ-120 17-ші шығарылымын (KZKD00000899, MUM120_0017) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

05.05.22 17:49
/KASE, 05.05.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының сауда жүйесінде (KASE) есептесуі 11 мамырда болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МЕУКАМ-120 мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерінің 17-шығарылымын (KZKD00000899, MUM120_0017) орналастыру бойынша қайтадан мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент кесімдеу бағасын номиналдан 83,9367 % деңгейінде (кірістілік – жылдық 13,75%) белгілеп, номиналды құны бойынша 600 000 000 теңге жалпы сомасына өтінімді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза бағасы номиналдан 84,3127 % – ды құрады (кірістілік – жылдық 13,62 %). KASE деректері бойынша ұсынысқа сұраныс 2,4 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 515 626 000,0 теңгені құрады. Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 15:30-дан 16: 00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде аталған бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 11 мамырда болатын МЕУКАМ- 120 17-шығарылымын (KZKD00000899, MUM120_0017) орналастыруы бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттықтар өтеді" тақырыбындағы KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында https://kase.kz/kz/news/show/1481511/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2022-05-05]