05 мамыр күні Қазақстан есептесуі 11 мамырда болатын МЕОКАМ-48 52-ші шығарылымын (KZK200000687, MOM048_0052) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

05.05.22 17:50
/KASE, 05.05.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының сауда жүйесінде (KASE) есептесуі 11 мамырда болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МЕОКАМ-48 мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерінің 52-ші шығарылымын (KZK200000687, MOM048_0052) орналастыру бойынша қайтадан мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент кесімдеу бағасын номиналдан 91,1297 % деңгейінде (кірістілік – жылдық 13,80 %) белгілеп, номиналды құны бойынша 300 000 000 теңге жалпы сомасына өтінімді қанағаттандырды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза бағасы номиналдан 91,2630 %-ды құрады (кірістілік – жылдық 13,75 %). KASE деректері бойынша ұсынысқа сұраныс 2,4 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 515 626 000,0 теңгені құрады. Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 15:30-дан 16: 00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде аталған бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 11 мамырда болатын МЕОКАМ- 48 (KZKD00000899, MUM120_0017) 52-ші шығарылымын орналастыруы бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттықтар өтеді" тақырыбындағы KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында https://kase.kz/kz/news/show/1481512/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2022-05-05]