Yang Xinyou (Янь Синью) "North Caspian Petroleum" АҚ (Норт Каспиан Петролеум) бас директоры болып сайланды

04.05.22 15:19
/KASE, 04.05.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "North Caspian Petroleum" АҚ (Норт Каспиан Петролеум) (Атырау) KASE-ге Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі шешімімен Компанияның атқарушы органының құрамына мынадай өзгерістер енгізілгенін хабарлады: - бас директор Liu Wei (Лю Вэй) шығарылды; - сайланды: Yan Xinyou (Янь Синью) – Бас директор, Машкенов А. М. - Бас директордың уақытша міндетін атқарушысы. Бұл ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/NCPR/ncpr_board_changes_250422_16.pdf [2022-05-04]