30 мамырда "Лизинг Групп" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді

04.05.22 11:41
/KASE, 04.05.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Лизинг Групп" АҚ (Алматы) 2022 жылдың 30 мамырында сағат 15:00-де оның акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы келесі күн тәртібімен басталатыны туралы Биржаға хабарлады: - компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; - компанияның 2021 жылға жылдық қаржылық есеп берушілігін бекіту; - компанияның 2021 қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін айқындау: - компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы мәселені қарау; - компанияның 2021 жылға таза табысын бөлу туралы мәселені қарау; - акционерлердің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының іс- әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы мәселені қарау; - 2021 жылға Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің сыйақы мөлшері мен құрамы туралы компания акционерлерін хабардар ету; - Директорлар кеңесінің 2021 жылы атқарған жұмысы туралы есебі. Жиналыс өткізу туралы ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/LZGR/lzgr_special_shareholders_meeting_info_300522_0360.pdf [2022-05-04]