ХАБАРЛАМА: 2022 жылдың 30 мамырында "Қазақстан қор биржасы" АҚ жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы

29.04.22 19:23
/KASE, 29.04.22/ – "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Биржа), оның атқарушы органы – Биржа Басқармасы орналасқан мекен- жайы: Қазақстан Республикасы, A15G7M6, Алматы қ., Алматы қ., Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" көпфункционалды кешенінің Солтүстік мұнарасы, 8-қабат, өз акционерлеріне Биржа акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының (бұдан әрі –жиналыс) өткізілетіні туралы хабарлайды, жиналыс "Акционерлік қоғамдар туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 3-тармағының 3) тармақшасы және 41-бабы, 35-баптың 1- тармағының, Биржаның Директорлар кеңесінің бастамасымен (отырыстың 2022 жылғы 06 сәуірдегі № 12 хаттамасы) шақырылады. Жиналыс 2022 жылғы 30 мамырда сағат 15:00 – де (осы жерде және бұдан әрі-Нұр-сұлтан Қ. уақыты) Алматы қ., Байзақов к-сі, 280, "Almaty Towers" көпфункционалды кешенінің Солтүстік мұнарасы, 1-қабат, келесі күн тәртібімен өтеді: 1 "Қазақстан қор биржасы" АҚ 2021 жылғы қызметі туралы. 2. "Қазақстан қор биржасы" АҚ 2021 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы". 3. "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының 2021 жылғы таза табысын бөлу тәртібін және "Қазақстан қор биржасы" АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивидендтің мөлшерін бекіту туралы. 4. "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының 2022 жылғы жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу мақсатында аудиторлық ұйымды анықтау туралы. 5. Акционерлердің "Қазақстан қор биржасы" АҚ-ның және оның лауазымды тұлғаларының ісәрекетіне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы. 6. Директорлар кеңесінің және "Қазақстан қор биржасы" АҚ Басқармасының мүшелеріне 2021 жылғы сыйақысының мөлшері және құрамы туралы ақпарат. 7. "Қазақстан қор биржасы" АҚ Директорлар кеңесінің Мүшелеріне 2021 жылға сыйақы беру туралы. 8. "Қазақстан қор биржасы" АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің ай сайынғы сыйақы мөлшерінің Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2022 жылғы 30 мамырда сағат 14:00-ден 14:45-ке дейін жиналыс өткізілетін жерде жүзеге асырылады. Кворум болмаған жағдайда қайта жиналыс 2022 жылғы 31 мамырда сағат 10:00-ден бастап сол мекенжай бойынша өткізіледі. Қайта өткізілетін жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2022 жылғы 31 Мамырда оның өткізілетін орны бойынша сағат 09:00-ден 09:45-ке дейін жүзеге асырылады. Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2022 жылғы 15 сәуір сағат 00:00-дегі жағдай бойынша жасалды. Жиналыс өткізу туралы хабарламаның толық мәтіні Биржаның интернет- сайтеында https://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_300522_kaz.pdf жарияланған [2022-04-29]