/KASE, 29.04.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Сбербанк России" Еншілес банкі АҚ (Алматы) Биржаға
Компанияның 2021 жылға қаржылық есеп берушілігі бойынша аудиторлық
есепті берді.
2021 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша аудиттелген деректерге
сәйкес (егер өзгесі көрсетілмесе, мың теңгемен):
------------------------------------------------------
Көрсеткіш 31.12.21 31.12.20
---------------------------------- --------- ---------
Меншікті капитал 378 521 299 765
Жиынтық активтер 4 191 356 3 152 809
Жиынтық міндеттемелер 3 812 835 2 853 044
Таза пайда (таза шығын) 130 131 60 581
Жай акцияның баланстық құны, теңге 27 738,28 21 541,21
ROA, % 3,10 1,92
ROE, % 34,38 20,21
------------------------------------------------------
Компанияның 2021 жылға қаржылық есептілігінің аудитін
"Эрнст энд Янг" ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес
қаржылық есеп берушілік 2021 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай
бойынша "Сбербанк России" Еншілес банкі АҚ қаржылық жағдайын,
сондай-ақ оның қаржылық нәтижелерін және ҚЕХС-ке сәйкес
көрсетілген күні аяқталған кезең үшін ақша қаражатының
қозғалысын барлық елеулі аспектілерде дұрыс көрсетеді.
Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/SBER/sberf6_2021_rus.pdf
[2022-04-29]