"ОнлайнКазФинанс" шағын қаржы ұйымы ЖШС S&P Global Ratings агенттігі банктің рейтингтік бағаларын кері қайтарып алғаны туралы хабарлады
26.04.22 15:38
/KASE, 26.04.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "ОнлайнКазФинанс" шағын қаржы ұйымы ЖШС
(Алматы) Биржаға былай деп хабарлады:
цитатаның басы
S&P Global Ratings агенттігі 2022 жылғы 14 сәуірде "Онлайнказфинанс
Микроқаржы ұйымы" ЖШС-нің кредиттік рейтингін "CCC+/C/kzB+" деңгейіне
дейін төмендетті, рейтингтер Credit Watch Developing тізіміне
орналастырылды.
Рейтингтердің төмендеуі Ресей Федерациясының шетелдік және ұлттық
валюталардағы егеменді кредиттік рейтингтерінің төмендеуінен кейін
болды.
CreditWatch Developing тізімі келесі 90 күн ішінде топты жоспарланған қайта
құрылымдауды сәтті іске асырған жағдайда S&P Global Ratings тарапынан
"ОнлайнКазФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС рейтингтерін арттыру
мүмкіндігін көрсетеді.
цитатаның соңы
[2022-04-26]