/KASE, 22.04.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "СЕНТРАС СЕКЬЮРИТИЗ" АҚ (Алматы) Биржаға
Компанияның 2021 жылға қаржылық есеп берушілігі бойынша аудиторлық
есеп берді.
2021 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша аудиттелген деректерге
сәйкес (егер өзгесі көрсетілмесе, мың теңгемен):
------------------------------------------------------
Көрсеткіш 31.12.21 31.12.20
---------------------------------- --------- ---------
Меншікті капитал 4 155 342 3 015 729
Жиынтық активтер 4 283 154 3 632 527
Жиынтық міндеттемелер 127 812 616 798
Таза пайда (таза шығын) 843 380 644 747
Жай акцияның баланстық құны, теңге 1 331 1 366
ROA, % 19,69 17,75
ROE, % 20,30 21,38
------------------------------------------------------
Компанияның 2021 жылға қаржылық есептілігінің аудитін "Центраудит-
Казахстан" ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес
қаржылық есеп берушілік 2021 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай
бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ қаржылық жағдайын, сондай-ақ оның
қаржылық нәтижелерін және ҚЕХС-ке сәйкес көрсетілген күні аяқталған
кезең үшін ақша қаражатының қозғалысын барлық елеулі аспектілерде
дұрыс көрсетеді.
Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/CSEC/csecf6_2021_rus.pdf
[2022-04-25]