/KASE, 25.04.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "RG Brands" АҚ (Алматы) өз акционерлерінің
2022 жылдың 21 сәуірінде болып өткен кезектен тыс жалпы жиналысының
шешімдері туралы Биржаға хабарлады.
Акционерлер, соның ішінде, мынадай шешімдер қабылдады:
- "Делойт" ЖШС аудиторлық есебімен расталған компанияның
2021 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі бекітілсін.
- компанияның 2021 жылғы таза табысын бөлудің келесі тәртібі
бекітілсін: салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді төлегеннен кейін бір жай акцияға 2 050 теңге есебімен
2021 жылға 7 078 096 500 теңге жай акциялар бойынша
дивидендтер есептеу және төлеу, дивидендтерді төлеудің басталу
күні – 2022 жылғы 21 сәуір.
Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі жеті мәселе бойынша
шешім қабылданды.
Бұл ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/RGBR/rgbr_special_shareholders_meeting_results_210422_79.pdf
[2022-04-25]