/KASE, 22.04.22, 08.04.22 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы
(KASE) 2022 жылдың 27 сәуірінде KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік орта мерзімді
қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) бойынша төменде берілген
шарттар бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық
өткізілетіні (Нұр-Сұлтан уақыты) туралы хабарлайды.
--------------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздың тұрпаты: МЕУКАМ-180
Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZKD00000139
Шығарылымның реттік саны: 0002 / 180
KASE сауда-саттық коды: MUM180_0002
Номиналды құны, теңгемен: 1 000,00
Төлеу күні: 53 127 180
Айналысқа жіберу күні: 24.06.09
Айналыста болудың соңғы күні: 23.06.24
Өтеу мерзімі: 24.06.24
Айналыста болу мерзімі: 15 жыл (5 400 күн)
Купондық мөлшерлеме: жылдық 7,65%
Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет
Купондық төлем кестесі: 1 24.06.10
2 24.06.11
3 25.06.12
4 24.06.13
5 24.06.14
6 24.06.15
7 24.06.16
8 26.06.17
9 25.06.18
10 24.06.19
11 24.06.20
12 24.06.21
13 24.06.22
14 26.06.23
15 24.06.24
Уақыттық базасы: 30 / 360
------------------------------------------ -------------------------------------
Сауда-саттық күні: 27.04.22
Өтеуге дейінгі мерзім: 2,2 жыл (777 күн)
Орналастырудың жарияланған көлемі, дана: 35 000,0
Сауда-саттық заты: "таза" бағасы
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру 70
дәрежесі,%:
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:00–11:00
Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–11:00
Кесім уақыты: 27.04.22, 15:00
Төлеу күні және уақыты: 29.04.22
Шектелімді қарсылама өтінімдерді Сауда-клирингілік
қанағаттандыру тәсілі: жүйелерде сауда-
саттықтар өткізу
әдістері туралы
қағиданың 28 бабының
6 тармағына сәйкес
Шектеулі өтінімдерді қанағаттандыру кесімді бағаға тең
тәсілі: немесе сатушы үшін ең ұтымды болатын,
қарсылама шектелімді
өтінімдердің бағасы
бойынша
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: орташа сараланған баға
бойынша
--------------------------------------------------------------------------------
*Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттықты өткізу әдістері туралы
ережелерге сәйкес нарықтық өтінімдерді беру сауда-саттыққа бір
қатысушыға нарықтық өтінімдерді берудің рұқсат етілген пайызын
қамтамасыз ету мақсатында сауда-саттыққа қатысушы шектелімді
өтінімдерді бергеннен кейін ғана мүмкін болады; бұл ретте, егер сауда-
саттыққа бір қатысушыға нарықтық өтінімдердің рұқсат етілген пайызы
бұзылса, шектелімді өтінімді алып тастауға тыйым салынады.
Өтінімде баға ретінде көрсетілген, номиналды құнынан пайызбен
көрсетілген облигацияның "таза" (жинақталған сыйақысын қоспағанда)
бағасы төртінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 сызбасы бойынша
жүзеге асырылады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде белгіленген
уақытқа дейін, "Бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер
жинағына сәйкес, бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша
есептесуді жүзеге асыруда қолданылатын ақшалай шотта, (бастапқы
дилерлердің берген және KASE қабылдаған өтінімдердің барлығы
қанағаттандыруға жатады деген болжаммен) сатып алынған қазынашылық
міндеттемелерге төлеуге жеткілікті соманың бар болуын қамтамасыз етуге
міндетті.
Толық көлемде немесе берілген өтінімдерді бір бөлігі қанағаттандырылған
жағдайда, тиісті сомасын төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге
асырылуы тиіс. Ережелердің мәтіні
http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement.pdf мекен-жайы
бойынша жарияланған.
Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару,
орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу
ережелері
http://www.kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша
жарияланған.
Сауда-клирингілік жүйелерде сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағида
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf мекен-жайы бойынша
жарияланған.
Аталмыш облигацияларды шығару туралы толық ақпаратпен
http://kase.kz/ru/gsecs/show/MUM180_0002/ мекен-жайында танысуға
болады.
[2022-04-22]