22 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Ford Motor Company US3453708600 (F_KZ) жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады

21.04.22 09:25
/KASE, 21.04.22/– Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 06 сәуірден бастап Ford Motor Company (АҚШ) US3453708600 ("KASE Global" секторы, F_KZ) жай акцияларының KASE сауда-саттықтары уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды. Бұл ретте, 2022 жылдың 21 сәуірінен бастап көрсетілген акциялардың KASE сауда-саттығы есеп айырысу күні 2022 жылдың 26 сәуірінде және одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде тоқтатыла тұрады. KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сауда-саттық 2022 жылдың 26 сәуірінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтерді төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады. [2022-04-21]