"КазТрансОйл" АҚ " магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша қазақстандық мұнайды экспортқа жеткізудің күтілетін өсімі туралы хабарлайды

19.04.22 12:12
/KASE, 19.04.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2022 жылдың 14 наурызындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы «ҚазТрансОйл» АҚ жүйесінен мұнай жеткізуді қайта бөлуге байланысты сәуір айында Қашаған және Қарашығанақ кен орындарынан мұнайды «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы экспортқа жеткізуді ұлғайту күтілуде. Мәселен, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен мұнай жеткізу кестесіне сәйкес, сәуірде Қарашығанақ мұнайын «Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесі бойынша экспорттау көлемі 154,7 мың тонна, Қашаған мұнайын - 60 мың тонна көлемінде жоспарланып отыр. Қашаған мұнайын «Атасу – Алашанькоу» мұнай құбыры арқылы Қытай Халық Республикасына экспортқа тасымалдаудың болжамды көлемі 40 мың тоннаны құрайды. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_190422_kz.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2022-04-19]