"КазТрансОйл" АҚ мұнайды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы айдау бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ қызметіне тарифтің бекітілгені туралы хабарлайды

18.04.22 16:21
/KASE, 18.04.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2022 жылдың 18 сәуіріндегі баспасөз хабарламасы туралы хабарлады: ... «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) 2022 жылғы 15 сәуір №24 бұйрығымен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге экспорттау мақсатында магистральдық құбырлармен мұнай айдау бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ қызметіне тариф 1000 километрге 1 тонна үшін 8 830,51 теңге мөлшерінде (ҚҚС-сыз) бекітілгенін хабарлайды. Аталған тариф 2022 жылғы 1 маусымнан бастап күшіне енеді. ... Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_180422_kz.pdf [2022-03-18]