"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ "Сбербанк России" Еншілес Банкімен келісімге қол қойғаны туралы баспасөз хабарламасын ұсынды

14.04.22 17:26
/KASE, 14.04.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) келесі баспаөз хабарламасын ұсынды: ... 2022 жылғы 13 сәуірде Халық Банкі мен «Сбербанк» АҚ ЕБ арасында келісім шартқа қол қойылды, оның шеңберінде бөлшек бизнес клиенттерінің несие портфелінің бір бөлігін басқаға беру шарты бойынша сатып алды. Мәміле Қазақстанның Даму Банкінің жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша берілген автонесиелерге, кепілсіз несиелердің бір бөлігіне, шұғыл қажеттіліктерге берілген несиелерге және ипотекалық несиелерге қатысты. Аударылған несиелер бойынша негізгі борыштың жалпы сомасы 330 млрд теңгені құрайды. Сатып алынған портфельге жұмыс істемейтін несиелер кірмейді. ... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында – https://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_relizs_130422_1.pdf [2022-04-14]