KASE МБҚ кірістілік қисығының функциясын қалыптастыру үшін мерзімділік диапазондарды өзгертті

05.04.22 19:05
/KASE, 05.04.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) 2022 жылдың 06 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының МБҚ кірістілік қисығының функциясын қалыптастыру мақсатында мынадай мерзімділік диапазондарын пайдалану туралы шешім қабылдағанын хабарлайды: - өтеуге дейін 0-ден 370 күнге дейін; - өтеуге дейін 37-тен 1 825 күнге дейін; - өтеуге дейін 1 825-тен 3600 күнге дейін; - 3 600 күннен бастап одан жоғары. - өтеуге дейін 0-ден 180 күнге дейін; - өтеуге дейін 181 -ден 360 күнге дейін; - өтеуге дейін 361-ден 1 080 күнге дейін; - өтеуге дейін 1 081 - ден 2 160 күнге дейін; - өтеуге дейін 2 161 - ден 3 060 күнге дейін; - өтеуге дейін 3 061 күнге дейін және одан жоғары. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілік функциясын анықтау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес әрбір мерзімділік диапазоны үшін өтелгенге дейінгі мерзім осы мерзімділік диапазонына сәйкес келетін соңғы он мәміленің параметрлері немесе өтелгенге дейінгі мерзім осы мерзімділік диапазонына сәйкес келетін, сауда- саттық күні барысында жасалған, МБҚ-мен барлық мәмілелер пайдаланылатынын еске саламыз. Мерзімділік диапазондарын анықтауды Комитет ретроспективті есептер мен болжамды деректер негізінде жүзеге асырады. 2022 жылдың 06 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасының МБҚ кірістілік қисығының функциясын қалыптастыру мақсатында KASE келесі мерзімділік диапазондарын пайдаланады: - өтеуге дейін 0-ден 370 күнге дейін; - өтеуге дейін 371-ден 2 520 күнге дейін; - өтеуге дейін 2 521-ден 3 600 күнге дейін; - 3 601 күннен бастап одан жоғары. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына мекен-жай бойынша қолжетімді – https://kase.kz/files/normative_base/metodika_gzb.pdf Нарықтық бағаларды есептеу әдістемесі мен тәртібіне байланысты сұрақтар болған жағдайда, барлық мүдделі тұлғалар KASE клирингілік палатасына жүгіне алады: тел.нөм.: (727) 237 60 06 немесе e-mail: clearing@kase.kz. [2022-04-05]