08 сәуірден бастап екі атаудағы жай акциялары KASE ресми тізімінен шығарылады
07.04.22 18:33
/KASE, 07.04.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2022 жылдың 08 сәуірінен бастап жай акциялары KASE ресми
тізімінен шығарылды:
1) "Сбербанк БАҚ "RU0009029540 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты,
RU_SBER);
2) Банк ВТБ (БАҚ) RU000A0JP5V6 (KASE негізгі алаңы, "премиум",
санаты, RU_VTBR)
Делистингілеу туралы шешім Листингілік қағидалардың 19-бабына сәйкес
осы акциялар бойынша маркет-мейкердің бір ай бойы болмауына, сондай-
ақ банктерге қатысты блоктау санкцияларының салынуына байланысты
қабылданды.
Аталмыш акциялармен сауда-саттық Қазақстан қор биржасында 2022
жылдың 01 наурызынан бастап тоқтатылғанын естеріңізге саламыз.
[2022-04-07]