NOSTRUM OIL & GAS PLC 2020 жылға қаржылық есептілігін құнсызданудан қайта есептегені туралы хабарлайды

07.04.22 17:00
/KASE, 07.04.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде орналасқан NOSTRUM OIL & GAS PLC компаниясы (Біріккен Корольдік) Биржаға ұсынған 2022 жылдың 06 сәуіріндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы KASE интернет-сайтында жарияланды: цитата басы Nostrum Oil & Gas PLC Limited (LSE тикері: NOG) («Nostrum» немесе «Компания», мұнай және газ өндірумен және Каспий бассейніндегі мұнай және газ кен орындарын барлаумен және игерумен айналысатын тәуелсіз мұнай-газ компаниясы. 2021 жылғы қаржылық есептіліктің ағымдағы аудиті кезінде анықталған қателіктерге байланысты Компания 2020 жылғы қаржылық есептілікте 40 миллион АҚШ долларын құрайтын құнсызданудан болған қосымша шығынды тануға ниетті, осылайша 2020 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл үшін құнсызданудан болған шығынды 245 миллион доллардан 285 миллион долларға дейін ұлғайтады, цитата соңы Баспасөз хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасы – - https://kase.kz/files/emitters/GB_NTRM/gb_ntrm_relizs_060422.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/GB_NTRM/gb_ntrm_relizs_060422_en.pdf – ағылшын тілінде [2022-04-07]