/KASE, 06.04.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Альфа-Банк" Еншілес банкі АҚ (Алматы) Биржаға
былай деп хабарлады:
цитатаның басы
2022 жылдың 29 наурызында Fitch Ratings рейтинг агенттігі "Альфа-Банк"
ЕБ АҚ бұрын берген барлық рейтингтерін қайтарып алды, соның ішінде:
- эмитент дефолтының "B+" деңгейіндегі ұзақ мерзімді рейтингі;
- эмитент дефолтының "B" деңгейіндегі қысқа мерзімді рейтингі;
- ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингі "B+"
деңгейінде;
- "BBB- (kaz)" деңгейіндегі ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг.
цитатаның соңы
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/ALBN/albn_rating_290322_6936.pdf
[2022-04-06]