06 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Mastercard, Inc. US57636Q1040 (MA_KZ) жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады

04.04.22 15:32
/KASE, 04.04.22/– Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 06 сәуірден бастап Mastercard, Inc. (АҚШ) US57636Q1040 ("KASE Global" секторы, MA_KZ) жай акцияларының KASE сауда-саттықтары уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды. Бұл ретте, 2022 жылдың 05 сәуірінен бастап көрсетілген акциялардың KASE сауда-саттығы есеп айырысу күні 2022 жылдың 08 сәуірінде және одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде тоқтатыла тұрады. KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сауда-саттық 2022 жылдың 31 наурызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтерді төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады. [2022-04-04]