/KASE, 31.03.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "R-Finance "микроқаржы ұйымы" ЖШС (Нұрсұлтан) Биржаға
Компанияның 2021 жылға қаржылық есеп берушілігі бойынша аудиторлық
есепті берді.
2021 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша аудиттелген деректерге
сәйкес (егер өзгесі көрсетілмесе, мың теңгемен):
-------------------------------------------
Көрсеткіш 31.12.21 31.12.20
----------------------- --------- ---------
Меншікті капитал 1 481 734 1 676 263
Жиынтық активтер 9 064 444 5 956 508
Жиынтық міндеттемелер 7 582 710 4 280 245
Таза пайда (таза шығын) 292 796 251 960
ROA, % 3,23 4,23
ROE, % 19,76 15,03
-------------------------------------------
Компанияның 2021 жылға қаржылық есептілігінің аудитін "ALMIR
CONSULTING" ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес
қаржылық есеп берушілік 2021 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай
бойынша "R-Finance "микроқаржы ұйымы" ЖШС қаржылық жағдайын,
сондай-ақ оның қаржылық нәтижелерін және ҚЕХС-ке сәйкес көрсетілген
күні аяқталған кезең үшін ақша қаражатының қозғалысын барлық елеулі
аспектілерде дұрыс көрсетеді.
Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/MFRF/mfrff6_2021_rus.pdf
[2022-03-31]