"Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ еншілес банкі Fitch Ratings агенттігінің банктің рейтингілік бағаларын қайтарып алғаны туралы хабарлады

31.03.22 10:22
/KASE, 31.03.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ еншілес банкі (Алматы) Биржаға былай деп хабарлады: цитатаның басы ... Fitch агенттігі Ресей Федерациясында құрылған барлық заңды тұлғалардың, сондай-ақ олардың еншілес компанияларының рейтингтерін қайтарып алу туралы мәлімдеді. Банк "ХКФ" КАҚ (Мәскеу) Еншілес банкі болғандықтан, Банктің бұрын берілген рейтингтері де кері қайтарылды. цитатаның соңы Бұл ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/HCBN/hcbn_other_accidents_290322_78331.pdf [2022-03-31]