/KASE, 16.03.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің МЕУКАМ-048 (KZK200000687, MOM048_0052) 52-ші
шығарылымын Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін
18 наурызда орналастыру бойынша қайтадан мамандандырылған сауда-
саттық өтті.
KASE қабылдаған хабарламаға сәйкес, эмитент кесімді бағаны номиналды
құннан 90,3187 % (кірістілік – жылдық 14,00 %) белгілей отырып, жалпы
сомасы 6 026 117 000теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды.
Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа алынған таза баға номиналды
құннан 94,0346% (кірістілік – жылдық 12,67%) құрады.
KASE мәліметіне сәйкес, ұсынысқа сұраныс 36,1%, қанағаттандырылған
өтінімдер көлемі 5 768 441 588,5 теңгені құрады.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда
жүйесінде осы бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша
мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.
KASE "Бүгін Қазақстанның қаржы министрлігі Қазақстан қор биржасында
есептесуі 25 ақпандағы МЕОКАМ-048 52-ші шығарылымын (KZK200000687,
MOM048_0052) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-
саттық өткізілді" атты жаңалығы KASE интернет-сайтында
https://kase.kz/ru/news/show/1478883/ сілтемесі бойынша жарияланды.
[2022-03-16]