16 наурыздан бастап "Estate Management Company" АҚ KZ1P00001341 (ESMCp) артықшылықты акциялары мерзімінен бұрын өтеуге байланысты KASE ресми тізімінен шығарылады

15.03.22 17:34
/KASE, 15.03.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2022 жылдың 15 наурызынан бастап "Estate Management Company" АҚ (Алматы) KZ1P00001341 (KASE баламалы алаңы, "акциялар" секторы, ESMCp) артықшылықты акциялары KASE ресми тізімінен шығарылды. Листинглік комиссияның осы шешімі 2022 жылдың 16 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі. Бұл шешім "Estate Management Company" АҚ аталған акцияларды KASE ресми тізімінен ерікті делистинг туралы өтініші негізінде қабылданды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізімінің негізгі алаңына екінші санат бойынша 2016 жылдың 24 қарашасынан бастап енгізілді, 2017 жылдың 01 шілдесінен бастап "акциялар" KASE ресми тізімінің балама алаңында орналастырылды. Олармен сауда-саттық 2016 жылдың 14 желтоқсанынан бастап ашылды. [2022-03-15]