16 наурыздан бастап "Estate Management Company" АҚ KZ1P00001341 (ESMCp) артықшылықты акциялары мерзімінен бұрын өтеуге байланысты KASE ресми тізімінен шығарылады
15.03.22 17:34
/KASE, 15.03.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
шешімімен 2022 жылдың 15 наурызынан бастап "Estate Management
Company" АҚ (Алматы) KZ1P00001341 (KASE баламалы алаңы, "акциялар"
секторы, ESMCp) артықшылықты акциялары KASE ресми тізімінен
шығарылды.
Листинглік комиссияның осы шешімі 2022 жылдың 16 наурызынан бастап
қолданысқа енгізіледі.
Бұл шешім "Estate Management Company" АҚ аталған акцияларды KASE
ресми тізімінен ерікті делистинг туралы өтініші негізінде қабылданды.
Аталмыш облигациялар KASE ресми тізімінің негізгі алаңына екінші санат
бойынша 2016 жылдың 24 қарашасынан бастап енгізілді, 2017 жылдың 01
шілдесінен бастап "акциялар" KASE ресми тізімінің балама алаңында
орналастырылды. Олармен сауда-саттық 2016 жылдың 14 желтоқсанынан
бастап ашылды.
[2022-03-15]