KASE БИРЖАНЫҢ 2022 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕРЕКШЕЛЕНГЕН МҮШЕЛЕРІН МАРАПАТТАУ САЛТАНАТЫН ӨТКІЗДІ

15.03.22 16:06
/KASE, 15.03.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2022 жылдың 15 наурызында Биржа мүшелерін 2021 жылдың қорытындысы бойынша марапаттау салтанатын өткізді. Корпоративтік облигациялар нарығындағы "Жыл андеррайтері" номинациясы бойынша жеңімпаз "Фридом Финанс" АҚ. "Нарық көшбасшысы" номинациясында: - "Фридом Финанс" АҚ – акциялар, корпоративтік облигациялар және мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында; - "Ситибанк Казахстан" АҚ – шет елдік валюталар нарығында. "Жыл маркет-мейкері" номинациясында марапатталғандар: - "Фридом Финанс" АҚ – акциялар нарығында; - "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы -"BCC Invest" АҚ – корпоративтік облигациялар нарығында; - "Фридом Финанс" АҚ – мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында. Келесі коминацияларда жеңімпаздар: - "Инвесторларды тартудағы айтарлықтай үлесі үшін" номинациясында ("Қазақстан Халық Банкі" еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ); - "Үздік қаржы кеңесшісі» –"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ; - "Акциялардың қайталама нарығындағы ең үлкен көлемі" –"SkyBridge Invest" АҚ; - "Қытай юанінің биржалық нарықтағы дамуына" қосқан үлесі үшін – "Қазақстандағы Қытай Банкі" Еншілес Банкі" АҚ; - "Ресей рубілінің биржалық нарықтағы дамуына" қосқан үлесі үшін – "Сбербанк России" АҚ еншілес банкі. - "Қаржылық сауаттылығын арттыруға қосқан үлесі" үшін – "First Heartland Jusan Invest" АҚ және "Сентрас Секьюритиз" АҚ; - " Биржаның технологиялық жобасына қолдау көрсеткені үшін" – ("Қазақстан Халық Банкі" еншілес ұйымы АҚ, "First Heartland Securities" АҚ, "Kaspi Bank" АҚ, ("Қазақстан Халық Банкі" еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ); Осы іс-шара бойынша толық ақпарат KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/press/ru/15_03_2022_KASE_Nagrazhdenie_2021.pdf мекен-жайында жарияланған. "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерін жыл сайын марапаттау ережесі KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/rules_annual_reward.pdf мекен-жайында жарияланған. KASE алғаш рет Биржаның ерекшеленген мүшелерін 2002 жылы маратпаттау өткізген. Алдыңғы жылдардағы номинация дипломанттарымен KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/ru/members_diplomas/ мекен- жайында жарияланған. [2022-03-15]