2022 жылдың қаңтар-ақпан айында Қазақстан қор биржасындағы шетел валюталарының сауда-саттық көлемі 2,5 трлн теңгені құрады
14.03.22 14:50
/KASE, 14.02.22/ – 2022 жылдың қаңтар-ақпан айында Қазақстан қор
биржасының (KASE) шетел валюталарының спот-нарығындағы сауда-
саттық көлемі 2 487,7 млрд теңгені құрады және 2021 жылдың тиісті
кезеңіне қатысты 27,9%-ға өсті.
2021 жылдың алдыңғы екі айлық кезеңімен салыстырғанда 32,0 %-ға
төмендеді.
Төменде 2022 жылы KASE шетел валюталарының спот-нарығы
көрсеткіштерінің валюта жұптары бойынша бөлінген кестесі (валюта
жұптарында көрсетілгендердің алғашқыларының млн бірлігінде), сондай-ақ
2021 жылдың салыстырмалы деректері келтірілген.
-------------------------------------------------- ----------
Сауда-саттық көлемі
---------------------------------------
Жыл, ------- ------- ------- Барлығы,
ай USD/KZT EUR/KZT RUB/KZT EUR/USD CNY/KZT млрд KZT
---------- ------- ------- ------- ------- ------- - --------
2022, I 2 786,9 0,8 3 017,1 0,0 72,5 1 232,1
---------- ------- ------- ------- ------- ------- - --------
2022, II 2 800,2 15,4 2 526,8 0,0 59,5 1 255,7
---------- ------- ------- ------- ------- ------- - --------
Барлығы 5 587,1 16,2 5 543,9 0,0 132,1 2 487,7
---------- ------- ------- ------- ------- ------- - --------
2021, I-II 4 544,6 23,2 2 508,2 0,0 208,0 1 944,9
тренд, % +22,9 -30,0 +121,0 X -36,5 +27,9
-------------------------------------------------- ----------
05.01.2022-28.02.2022 аралығындағы кезеңде барлық биржалық мәмілелер
бойынша есептелген теңгенің АҚШ долларына орташа алынған бағамы бір
АҚШ доллары үшін 433,60 теңгені құрады.
[2022-02-14]