"Фридом Финанс" АҚ Gaz Finance plc XS2291819980 (GB_GAZFe1) халықаралық облигациялары бойынша KASE-дегі маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты
11.03.22 10:00
/KASE, 11.03.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды:
2022 жылдың 11 наурызынан бастап "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) Gaz
Finance plc (Біріккен Корольдігі) XS2291819980 (KASE негізгі алаңы,
"облигациялар" санаты, GB_GAZFe1) халықаралық облигациялары
бойынша KASE-дегі маркет-мейкер қызметін орындаудан босатылды.
Осы шешім "Маркет-мейкерлер қыметінің ережелері" атты KASE ішкі
құжатының 3 бабына сәйкес, маркет-мейкердің өз еркімен бас тартуы
себебімен қабылданды.
[2022-03-11]