"Фридом Финанс" АҚ Қазақстан қор биржасында "Сбербанк" БАҚ RU0009029540 (RU_SBER) және Банка ВТБ (БАҚ) RU000A0JP5V6 (RU_VTBR) жай акциялары бойынша KASE-дегі маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты

04.03.22 10:39
/KASE, 04.03.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2022 жылдың 04 наурызынан бастап "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) келесі жай акциялары бойынша KASE-дегі маркет-мейкер қызметін орындаудан босатылды: - "Сбербанк" (Ресей) RU0009029540 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, RU_SBER); - Банка ВТБ (БАҚ) (Ресей) RU000A0JP5V6 KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, RU_VTBR). Осы шешім "Маркет-мейкерлер қыметінің ережелері" атты KASE ішкі құжатының 3 бабына сәйкес, маркет-мейкердің өз еркімен бас тартуы себебімен қабылданды. [2022-03-04]