/KASE, 16.02.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің МЕУКАМ-120 (KZKD00001129, MUM120_0019) 19-шы
шығарылымын Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін 18
ақпанда орналастыру бойынша қайтадан мамандандырылған сауда-саттық
өтті.
KASE қабылдаған хабарламаға сәйкес, эмитент кесімді бағаны номиналды
құннан 95,7925 % (кірістілік – жылдық 11,05%) белгілей отырып, жалпы
сомасы 10 047 891 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды.
Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа алынған таза баға номиналды
құнның 95,8715 % -ын (кірістілік – жылдық 11,04%) құрады.
KASE мәліметіне сәйкес, ұсынысқа сұраныс 38,5%, қанағаттандырылған
өтінімдер көлемі 10 584 626 493,6 теңгені құрады.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда
жүйесінде осы бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша
мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.
KASE "Бүгін Қазақстанның қаржы министрлігі Қазақстан қор биржасында
есептесуі 18 ақпандағы МЕУКАМ-120 19-шығарылымын (KZKD00001129,
MUM120_0019) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-
саттық өткізілді" атты жаңалығы KASE интернет-сайтында
https://kase.kz/ru/news/show/1477651/ сілтемесі бойынша жарияланды.
[2022-02-16]