17 ақпаннан бастап Қазақстан қор биржасында Johnson & Johnson US4781601046 (JNJ_KZ) жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады

15.02.22 18:12
/KASE, 15.02.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2022 жылдың 17 ақпанынан бастап Johnson & Johnson (США) US4781601046 ("KASE Global" секторы, JNJ_KZ) жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады. Сонымен бірге, 2022 жылдың 16 ақпанынан бастап осы акциялардың KASE- дегі сауда-саттықтары есеп айырысу күні 2022 жылдың 22 ақпанына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін сауда режимдерінде тоқтатылады. Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес KASE-ге 2021 жылғы 3 желтоқсанда осы акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін белгіленген тізілімді енгізу туралы ақпараттың түсуіне байланысты тоқтатылады. [2022-02-15]