16 ақпаннан бастап KASE сауда-саттық жүйесінде және деректер базасында "СФК ЕКА-Invest" ЖШС KZ2P00003254 (EKAIb1) облигациялары бойынша айналым мерзімі туралы ақпарат өзгереді және олардың сауда-саттығы қайта басталады

15.02.22 14:43
/KASE, 15.02.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2022 жылдың 16 ақпанынан бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер қорында "СФК ЕКА-Invest" ЖШС (Алматы) KZ2P00003254 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, EKAIb1) облигациялары бойынша айналым мерзімі туралы ақпарат өзгеретіні туралы хабарлайды: - аталған облигациялардың айналыс мерзімі жеті жылдан 17 жылға деп өзгертілді. Аталған облигациялардың 2021 жылдың 08 желтоқсанынан бастап тоқтатылған KASE сауда-саттықтары, 16 ақпанынан бастап қайта басталады. Аталған облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/EKAI/ekaif9_EKAIb1_izm_080222.pdf Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE жаңалықтары жарияланған болатын: - 2022 жылдың 14 ақпанында "СФК ЕКА-Invest" ЖШС KZ2P00003254 (EKAIb1)" облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді тіркеді" – https://kase.kz/ru/news/show/1477554/ - 2021 жылдың 08 желтоқсанында "08 желтоқсаннан бастап "СФК ЕКА- Invest" ЖШС KZ2P00003254 (EKAIb1) облигацияларының сауда- саттықтары уақытша тоқтатылады" – https://kase.kz/ru/news/show/1474177/ [2022-02-15]