11 ақпаннан бастап "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ Еншілес банкі АҚ KZ2D00008356 (HCBNb8) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

10.02.22 18:33
/KASE, 10.02.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2022 жылдың 07 ақпанында "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ Еншілес банкі АҚ (Алматы) KZ2D00008356 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, HCBNb8; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 3 жыл, жартыжылдық купон, жылдық 12,50 %, 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. KASE сауда жүйесінде аталған облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі номиналды құннан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының үтірден кейінгі төрт цифрына дейін белгіленеді, баға белгілеу валютасы - қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланады – https://kase.kz/ru/bonds/show/HCBNb8/ [2022-02-10]