Б.Т. Сұлтанов "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

09.02.22 10:42
/KASE, 09.02.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (Алматы) Директорлар кеңесінің 2022 жылдың 04 ақпанындағы шешімімен қордың Директорлар кеңесінің төрағасы болып Б.Т. Сұлтанов сайланғаны туралы Биржаға хабарлады. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Директорлар кеңесі сегіз адамнан тұрады: Сұлтанов Б.Т., Бахмутова Е.Л., Баталов Р.А., Нургалиева А.Б., Журсунов Р.М., Жаксылыков Т.М., Мухамеджанов А.Б., Бурибаева Г.А. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/FRMP/frmp_board_changes_040222_414.pdf [2022-02-09]