Еуразия даму банкінің KZ2D00008141 (EABRb23) халықаралық облигациялары мерзімінен бұрын өтеуге байланысты KASE ресми тізімінен шығарылады

08.02.22 09:25
/KASE, 08.02.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2022 жылдың 08 ақпанынан бастап Еуразия даму банкінің KZ2D00008141 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb23; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 09.11.21 – 08.02.22; actual/365) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінен шығарылды. «Орталық бағалы қағаздар депозитарийі» АҚ мәліметінше, 2021 жылдың 26 қазанында оның есеп жүйесінде аталған облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу тіркелген. [2022-02-08]