К. Шарлапаев "Байтерек" Ұлттық Басқарушы холдингі" АҚ Басқарма Төрағасы болып сайланды

04.02.22 17:29
/KASE, 04.02.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Байтерек" Ұлттық Басқарушы холдингі" АҚ (Нұр- Сұлтан) Қазақстан қор биржасына келесі баспасөз хабарламасын ұсынды: ... ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ұжымына Директорлар кеңесінің шешімімен сайланған басқарманың жаңа төрағасы Қанат Шарлапаевты таныстырды. Үкімет басшысы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Айдар Әріпхановқа Холдинг басшысы ретінде атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді. Премьер-Министр Холдингтің жаңа басшысы Қанат Шарлапаевты таныстыра отырып, оның әлемдегі ірі инвестициялық банктердің бірі – «Сити» құрылымдарындағы үлкен басқарушылық жұмыс тәжірибесін атап өтті. «Бәйтеректің» алдына маңызды міндеттер қойылды. Бірінші кезекте, бұл – қаржыландырудың қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру, экономиканың шикізаттық емес секторларын, АӨК және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. Мемлекет басшысы аталған бағыттарға баса көңіл бөледі және Холдинг жұмысынан тиімді нәтиже күтеді», — деді Ә. Смайылов. ... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы KASE интернет-сайтында – https://kase.kz/files/emitters/BTRK/btrk_relizs_020222.pdf [2022-02-04] -