07 ақпаннан бастап "R-Finance" шағын қаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00008295 (MFRFb2) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

04.02.22 15:50
/KASE, 04.02.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2022 жылдың 07 ақпанында "R-Finance" шағын қаржы ұйымы" ЖШС (Нұр-Сұлтан) KZ2P00008295 (KASE балама алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFRFb2; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 01.02.22 – 01.02.23; ай сайынғы купон, жылдық 18,00 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады. KASE сауда жүйесінде аталған облигациялардың баға белгілеуінің дәлдігі номиналды құннан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының үтірден кейінгі төрт цифрына дейін белгіленеді, баға белгілеу валютасы - қазақстандық теңге. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланады – https://kase.kz/ru/bonds/show/MFRFb2/ [2022-02-04]