04 ақпаннан бастап "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ Еншілес Банкі АҚ KZ2D00008349 (HCBNb7) және KZ2D00008356 (HCBNb8) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

04.02.22 12:47
/KASE, 04.02.22 – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2021 жылдың 03 ақпанында "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ Еншілес Банкі АҚ (Алматы) облигацияларын KASE ресми тізіміне негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады: KZ2D00008349 (HCBNb7; 1 000 тенге, 20,0 млрд теңге; 2 жыл, жартыжылдық купон, жылдық 12,50 %; 30/360); KZ2D00008356 (HCBNb8; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 3 жыл, жартыжылдық купон, жылдық 12,50 %, 30/360). Листингілік комиссиясының осы шешімі 2022 жылдың 04 ақпанынан бастап күшіне енді. Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланады – https://kase.kz/ru/issuers/HCBN/ [2022-02-04]