/KASE, 04.02.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2022 жылдың 07 ақпанынан бастап Орталық контрагентпен ішінара
қамтамасыз ету шарттарында мәмілелерге рұқсат етілген қаржы
құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен
мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін
қаржы құралдарының тізіміне (Т+ қамту тізімі) "Байтерек" Ұлттық
басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00008332 облигацияларын (KASE негізгі
алаңы, "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты,
BTRKb8; 1 000 теңге, 55,0 млрд теңге; 21.12.21 – 21.12.31; жартыжылдық
купон, жылдық 11,00 %, actual/365) енгізу туралы шешім қабылдады.
Қаржы құралдарын Т+ тізіміне енгізу тәртібі және Т+ қамту тізімі KASE
интернет-сайтында келесі мекен-жайда жарияланған
https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+_kaz.pdf
[2022-02-04]