07 ақпаннан бастап "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ KZ2C00008217 (IDFRb4) облигациялары Т+ тізіміне және Т+қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі

04.02.22 11:11
/KASE, 04.02.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2022 жылдың 07 ақпанынан бастап Орталық контрагентпен ішінара қамтамасыз ету шарттарында мәмілелерге рұқсат етілген қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізіміне (Т+ қамту тізімі) "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ KZ2C00008217облигацияларын (KASE негізгі алаңы, "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты, IDFRb4; 1 000 тенге, 50,0 млрд тенге; 12.11.21 – 12.11.28; жартыжылдық купон, жылдық 12,40 %, actual/365) енгізу туралы шешім қабылдады. Қаржы құралдарын Т+ тізіміне енгізу тәртібі және Т+ қамту тізімі KASE интернет-сайтында келесі мекен-жайда жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+_kaz.pdf [2022-02-04]