"SilkNetCom" ЖШС KZ2P00008394 (SNCQb1) облигациялары KASE ресми тізімінің балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

03.02.22 18:15
/KASE, 03.02.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2022 жылдың 03 ақпанында "SilkNetCom" ЖШС (Нур- Султан) KZ2P00008394 (1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 12 жыл, жартыжылдық купон, жылдық 11,00 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінің балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді. Осы шешімнің күшіне енгізілетін күні туралы Листингілік комиссия қосымша хабарланады. Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. "SilkNetCom" ЖШС қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "First Heartland Jusan Invest" (Нұр-Сұлтан) болып табылады. Аталған облигацияларға қысқартылған белгі (сауда коды) SNCQb1 берілді. "SilkNetCom" ЖШС негізгі қызмет түрі – телекоммникациялық қызмет ұсыну. Аталған облигацияларды шығару туралы толық ақпарат Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- сайтында жарияланатын болады. [2022-02-03]