/KASE, 02.02.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Нұрбанк" АҚ (Алматы) Биржаға баспасөз
мәлімдемесін ұсынып, былай деп хабарлады:
цитатаның басы
ҚР институционалдық құрылымындағы өзгерістерге және "S&P Global
Ratings" қайта қарауына байланысты банк секторының даму үрдісі мен
салалық тәуекелдерін бағалау қазақстандық 8 банктің рейтингін растады.
"S&P Global Ratings" халықаралық рейтингілік агенттігі "Нұрбанк" АҚ
кредиттік рейтингтерін "В-/В" деңгейінде растады, болжам – "Тұрақты".
Агенттік сарапшылары олардың болжамы 2022 жылы қосымша капитал құю
үшін қажеттіліктің болмауын, кредиттік портфельдің шамамен 5-7 %-ға өсуін
және таяудағы екі жылда кредиттік портфельдің орташа көлемінің 3 %-ға
барабар көлемде қосымша провизиялар қалыптастыруға арналған
шығыстарды болжайтынын атап өтті.
цитатаның соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbn_rating_270122_001.pdf
[2022-02-02]