Бүгін Қазақстан қор биржасында "R-Finance" шағын қаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00008295 (MFRFb2) 1,0 млн облигацияларын сату бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

01.02.22 09:13
/KASE, 01.02.22/ – Бүгін, бұрын хабарлағандай, Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 01 ақпанында сауда-саттық жүйесінде "R-Finance" шағын қаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00008295 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, MFRFb2) халықаралық облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттармен арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар өткізілетіні туралы хабарлайды (Нұр- Сұлтан уақытымен). ---------------------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар ISIN: KZ2P00008295 KASE сауда-саттық коды: MFRFb2 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 1 000 000 000 – орналастырылған: – Айналыста болудың басталуы: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда-саттық күні Өтеудің басталу күні кейінірек анықталады Айналыста болудың соңғы күні: кейінірек анықталады Айналыста болу мерзімі: 1 жыл (360 күн) Купон мөлшерлемесі облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда-саттық күні Купонды төлеу мерзімділігі ай сайын Купон төлеуді бастау күні: кейінірек анықталады Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------- -------------------------------------------- Сауда-саттық күні: 01.02.22 Жарияланған орналастыру көлемі 1 000 000 000 Лот көлемі, дана 1 Сауда-саттық заты: купон мөлшерлемесі Сатуға өтінім түрлері: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:30–13:00 Өтінімдерді растау уақыты: 11:30–13:30 Кесім уақыты: 15:00 (Т+0) Төлем уақыты: 01.02.22, 15:00 Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімді бағаға тең немесе кесімдеу бағасынан төмен өтінімдер Өтінімдер бағасына қатысты шектелімді кесімді бағасына тең өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: немесе сатушы үшін қарама-қайшы өтінімдер бағасы бойынша Сауда-саттық бастамашысы "First Heartland Jusan Invest" АҚ ---------------------------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның купон мөлшерлемесі көрсетілуі тиіс. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде облигациялардың саны данамен көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың мөлшеріне тең немесе еселі болуы тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының (жинақталған сыйақыны ескере отырып) көбейтіндісі көрсетілуге тиіс) Мәміленің көлемі http://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf жарияланған Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің 3 тарауының 18 тармағына сәйкес есептеледі. Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатушы кестеде көрсетілген төлем уақытына "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-дағы өз шотында бағалы қағаздардың болуын қамтамасыз етуге міндетті. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімді KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтініш бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағидасы https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf мекен-жайда жарияланған. Аталмыш облигациялардың толық шығарылымы туралы ақпаратпен https://kase.kz/ru/bonds/show/MFRFb2 мекен-жайында танысуға болады. [2022-02-01]