"ПОЗИТИВ-А" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
31.01.22 15:32
/KASE, 31.01.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "ПОЗИТИВ-А" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі
жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 978 088 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға Жылбаева Ж.А. болып табылады.
[2022-01-31]