"ЛОТТЕ Рахат" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
28.01.22 11:43
/KASE, 28.01.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "ЛОТТЕ Рахат" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі
жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 3 600 000 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға LOTTE CONFECTIONERY CO., LTD
болып табылады, оның меншігінде 3 440 362 жай акциясы (компанияның
орналастырылған акцияларының жалпы санынан 95,57 %) бар.
[2022-01-28]