/KASE, 28.01.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2022 жылдың 26 қаңтарында KASE ресми
тізімінің балама алаңына "ТехноЛизинг" ЖШС (Нұр-Сұлтан) келесі
облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша
енгізу туралы шешім қабылдады:
- KZ2P00008220 (THLZb5; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық
купон, алғашқы сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады;
30/360);
- KZ2P00008238 (THLZb6; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңнге; 3,5 жыл; тоқсандық
купон, алғашқы сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады;
30/360).
Листингілік комиссияның осы шешімі 2022 жылдың 28 қаңтарынан бастап
күшіне енді.
Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE
интернет-сайтында жарияланады –
https://kase.kz/ru/issuers/THLZ/
[2022-01-28]