/KASE, 27.01.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2022 жылдың 28 қаңтарынан бастап Орталық контрагентпен ішінара
қамтамасыз ету шарттарында мәмілелерге рұқсат етілген қаржы
құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен
мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін
қаржы құралдарының тізіміне (Т+ қамту тізімі) Еуразия даму банкі
KZX000001003 облигацияларын (KASE негізгі алаңы, "халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты, EABRe3; $100,0 млн; 20.12.21 –
20.12.23; жылдық купон, жылдық 1,50 %, actual/365) енгізу туралы шешім
қабылдады.
Қаржы құралдарын Т+ тізіміне енгізу тәртібі және Т+ қамту тізімі KASE
интернет-сайтында келесі мекен-жайда жарияланған
https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+_kaz.pdf
[2022-01-27]