"Fincraft Resources" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

27.01.22 13:59
/KASE, 27.01.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Fincraft Resources" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 30 000 000 000 дана, артықшылықты акциялар саны – 750 000 000 дана; - компанияның 12 846 773 954 жай акциялары және 392 649 871 артықшылықты акциялары орналастырылған; - компания өзінің 10 445 774 жай акциясын және 2 артықшылықты акциясын кері сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "Fincraft Group" ЖШС болып табылады, оның меншігінде 12 110 959 135 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 94,35 % немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 91,48 %) бар. [2022-01-27]