Freedom Holding Corp. Еншілес америкалық компаниясы капитал нарығына шығады

27.01.22 13:16
/KASE, 27.01.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Freedom Holding Corp. Компаниясы (АҚШ), Қазақстан қор биржасына 2022 жылдың 26 қаңтарындағы келесі баспасөз хабарламасын ұсынды: ... Prime Executions, Inc. американдық реттеуші FINRA-дан капитал нарықтарында қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ инвестициялық банкинг саласында жұмыс істеуге рұқсат алды. Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. Бас атқарушы директоры: АҚШ реттеушісінен АҚШ-тың IPO-ларын тікелей ұйымдастырушылар ретінде әрекет ету құқығын алу біз үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік. FINRA рұқсаттарының бұл жиынтығын бүкіл нарықтағы аздаған компаниялар иеленеді және біз бұл мүмкіндіктер бизнесімізді келесі деңгейге көтеруге көмектесетініне сенімдіміз. ... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы KASE интернет-сайтында – https://kase.kz/files/emitters/US_FRHC/us_frhc_relizs_260122.pdf жарияланған. [2022-01-27]