АНОНС: 29 ҚАҢТАРДА KASE "ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ" АТТЫ ВЕБИНАР ӨТКІЗЕДІ

26.01.22 11:46
/KASE, 26.01.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 29 қаңтарында бастаушы жеке инвесторлар үшін "Инвестициялық сауаттылық негіздері" атты вебинар өткізеді. Іс-шара Zoom арқылы онлайн конференция форматында өтеді, іс-шара басталуы – Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11:00. Вебинар барысында KASE сарапшысы базалық инвестициялық тұжырымдар туралы, инвестициялық алаяқтық қауіптері, сондай-ақ инвестициялау және оларды төмендету әдістері туралы әңгімелейді. Қатысу үшін сілтемесі бойынша тіркеуден өту қажет https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSevqfZBOG2wdwp6qcKrCz_lLR0nwiKOGJnERnaqRWA7gOVQIw/viewform?usp=pp_url Қазақстан қор биржасы тұрақты түрде жұмыс істейтін және әлеуетті эмитенттер мен инвесторлар үшін оқыту іс-шараларын өткізетіндігін ескертеміз. [2022-01-26]